• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Білім алушылардың "Семей Инжиниринг" АҚ кәсіпорнына экскурсиясы

2023-04-20 | Ғылым

Кафедраның аға оқытушысы А.М. Муратбаев және «Семей Инжиниринг» АҚ қызметкерлері «6B07105-Технологиялық машиналар мен жабдықтар» және «6B07106 - Машинажасау» білім беру бағдарламасының 2-3 курс білім алушыларына экскурсия өткізді. Білім алушыларды өндірістік процестің кезеңдерімен және кәсіпорынның әртүрлі қызметтерінің жұмысымен таныстырды.

Экскурсия барысында білім алушыларда көптеген кәсіби сұрақтар туындады, оларға «Семей Инжиниринг» АҚ мамандары толымды жауап берді. Экскурсия аяқталғаннан кейін таңданған білім алушылар кәсіпорын бойынша саяхат, оларға болашақ мамандықтың ерекшелігін және «Семей Инжиниринг» АҚ-ның қорғаныс өнеркәсібіндегі рөлін жақсы түсінуге көмектескенін айтты.

Бөлісу