• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

"Жастар нашақорлыққа қарсы" акциясы

2023-02-06 | Ғылым

Инженерлік-технологиялық факультетінде жыл сайын "Жастар нашақорлыққа қарсы" есірткіге қарсы акциясы жастар арасында есірткі және психоактивті заттарды пайдаланудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі. Акция есірткі және психоактивті заттарды пайдаланудың алдын алуға және жастардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар кешенін білдіреді. Бірінші кезең эссе жазу, екінші кезең қабырға газеттері байқауынан тұрады.

Бөлісу