Диссертация қорғау
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ-да Ташыбаева Маржан Мейрамбекқызының 8D07101 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Тамақ өнімдерін капсулалауға арналған қондырғыны жетілдіру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ, «Технологиялық жабдықтар» кафедрасында орындалған.
Диссертацияны ұсыну түрі: диссертациялық жұмыс
Қорғау тілі: қазақша
Қорғау форматы: аралас
Ғылыми кеңесшілері:
1. Какимов Айтбек Калиевич - техника ғылымдарының докторы, «Технологиялық жабдықтар» кафедрасының профессоры, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ, Семей қаласы, Қазақстан Республикасы.
2. Майоров Александр Альбертович - техника ғылымдарының докторы, профессор, «Федералдық Алтай агробиотехнологиялық ғылыми орталығы», ФМБҒМ, Барнаул қаласы, Ресей Федерациясы.
Ресми рецензенттері:
1. Шингисов Азрет Утебаевич - техника ғылымдарының докторы, профессор, «Азық - түлікөнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті», Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы.
2. Байтукенова Сауле Байдильдаевна - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Технология және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі, «Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ , Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Мусульманова Мукарама Мухамедовна - техника ғылымдарының докторы, профессор, И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті технологиялық институтының «Азық-түлік ғылымыжәне технологиясы»кафедрасының профессоры, Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы.
2. Велямов Шухрат Масимжанович - PhD, «Қaзақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми зерттеу институты» жетекші ғылыми қызметкер, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
3. Абдижаппарова Бахыткуль Тельхожаевна - техника ғылымдарының кандидаты, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстануниверситеті «Тамақ инженериясы» кафедрасының доценті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы.
Қорғау 2024 жылы 14 қараша күні сағат 15.00-де Семей қаласы, Физкультурная көшесі 4, 218 аудитория, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ, 8D07101 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте өтеді.