Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай- ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми - зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл
-
Берілетін дәреже / біліктілік7М07207 - Тағам технологиялар және инженерия білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміБастапқы лауазымда болуы мүмкін: ғылыми- педагогикалық даярлық кезінде-ғылыми-зерттеу мекемелерінде, жоғары оқу орындары мен колледждерде: зертхана меңгерушісі, жетекші маман, ғылыми қызметкер, оқытушы, өндіріс саласындағы маман-технолог, Тамақ өндірісі кәсіпорындарының басқарушы аппаратының менеджері мен маманы
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі7
-
Кәсіби қызмет саласы7М07207 - "Тағам технологиялар және инженерия" білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі: ғылыми - педагогикалық даярлықта-ғылыми-зерттеу мекемелерінде, жоғары оқу орындары мен колледждерде: зертхана меңгерушісі, жетекші маман, ғылыми қызметкер, оқытушы, өндіріс саласындағы маман-технолог, менеджер және маман ретінде тамақ өндірісі кәсіпорындарының басқару аппаратында жұмыс істей алады.
-
Кәсіби қызмет нысаныҒылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратура түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері ЖОО, колледждер; гимназиялар; ғылыми-зерттеу институттары; ғылыми-өндірістік, ауылшаруашылық, жобалау, сараптау, әкімшілік мекемелері; тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары; салалық зертханалар, бөлімшелер, секциялар, секторлар, жергілікті, облыстық және республикалық басқару құрылымдары жанындағы департаменттер, бақылау-талдау қызметі мекемелері, стандарттау және сертификаттау орталықтары және т. б. болып табылады.
-
Кәсіби қызмет түрлері7М07207 - "Тағам технологиялар және инженерия" білім беру бағдарламасы бойынша магистратура түлектері кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады: ғылыми-педагогикалық даярлау кезінде: - ғылыми және эксперименттік-зерттеу әзірлемелерін жүргізу, жобалау-іздестіру жұмыстарын, тамақ өндірісінің кәсіпорындарында ғылыми-ұйымдастыру қызметін орындау; - жоғары оқу орындарында, колледждерде және жүйенің басқа да оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру әдістемелік, - білім беру бөлімдерінде әдіскер ретінде жұмыс істейді.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік лингвистикалық құзыреттіліктерді және негізгі ғылыми-педагогикалық, басқарушылық және коммуникативті білім мен дағдыларды кәсіби қызметте қолдану қабілетін қалыптастырады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Гендік түрлендірілген өнімдер (ГТӨ), радиациялық және ресурс үнемдеу технологиялары саласындағы инновацияларды, сондай-ақ мал шаруашылығы, астық және өсімдік өнімдерін өңдеу ерекшеліктерін ескеру арқылы азық-түлік өнімдерін өндіруді оңтайландыру үшін заманауи технологиялық әдістер мен үлгілеу құралдарын қолданады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Тамақ өнімдерінің сапасын бақылау үшін ғылыми зерттеулерді жоспарлаудың заманауи әдістерін және халықаралық қауіпсіздік стандарттарын қолданады, сонымен қатар тамақ өнеркәсібінде инновацияларды әзірлеу және енгізу кезінде зияткерлік меншікті қорғау тетіктерін пайдаланады.