8D07201 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі, білім алушыларға теориялық оқытудың кемінде 45 кредит, соның ішінде педагогикалық практиканың кемінде 10 кредитін, зерттеу практикасының 10 кредитін, ғылыми-зерттеу жұмысының 123 кредит, докторлық диссертацияны жазу мен қорғауға кемінде 12 кредит игеру болып табылады. Барлығы 180 кредит.
3 жыл.
-
Берілетін дәреже / біліктілік8D07201 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміМына қызмет лауазымдарында жұмыс істей алады: • Білім беру саласындағы оқытушы, профессор • бас директор; • ұйым директоры (бастығы) ; • ғылыми жұмыс жөніндегі ұйым директорының (бастығының) орынбасары; • ұйымның бас инженері; • ғылыми хатшы; • тамақ саласының ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі; • ҒЗИ, ҒӨО, тамақ саласы өндірістік мекемелердің, ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшысы және жетекші маманы; • әр түрлі меншік нысанындағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында, аграрлық бейіндегі өндірістік мекемелерде, жер және аумақтық комитеттерде маман; • тендерлік негізде және әртүрлі азық-түлік және ауыл шаруашылығы қорларында орындалатын жобалардағы сарапшы және т. б.
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі8
-
Кәсіби қызмет саласыPhD докторының кәсіби қызметінің саласы қайта өңдеу өнеркәсібінің барлық салалары, тамақ өнімдерін сертификаттау кәсіпорындары, санитарлық қадағалау кәсіпорындары, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың мекемелері, ғылыми - зерттеу ұйымдары, сондай-ақ әртүрлі меншік нысанындағы фирмалар, жоғары мекемелер болып табылады.
-
Кәсіби қызмет нысаны- жоғары оқу орындары (Шәкәрім университеті, Алматы технологиялық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік аграрлық-техникалық университеті, Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақcтан аграрлық-техникалық университеті және т. б.); - ғылыми-зерттеу институттары (Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты, Қазақ жеміс шаруашылығы және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ егіншілік және Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты.У. Успанова, картоп және көкөніс шаруашылығы ҚазҒЗИ, күріш шаруашылығы ҚазҒЗИ, Қазақ астық шаруашылығы ҚазҒЗИ.А. И. Бараева; Павлодар АШҒЗИ, Қарағанды ЖІЖ ҒЗИ және т. б.); - ғылыми-өндірістік және әдістемелік орталықтар; - ҚР БжҒМ және ҚР АШМ жүйесінің мемлекеттік кәсіпорындары; сараптау және жобалау мекемелері, - ауыл шаруашылық құрылымдар, комитеттер, фирмалар және т.б. - тамақ өнімдерін өндіру және бақылау кәсіпорындары, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың мекемелері.
-
Кәсіби қызмет түрлері8D07201 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы беру бағдарламасының түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады: өндірістік-технологиялық; ұйымдастырушылық-басқарушылық; эксперименттік-зерттеу білім беру (ғылыми және педагогикалық).
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Докторант ғылыми зерттеу жұмысының құрылымын, академиялық жазу талаптарын және ғылыми мәтіндерді жазу әдістемесін меңгереді; Ғылыми әдістерді тиімді қолдану арқылы тағам өндірісіндегі өзекті мәселелерді талдай алады; Тамақ өндірісіндегі процестерді теориялық және практикалық тұрғыда саралап, ғылыми тұрғыда негіздей алады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Инновациялық технологияларды тағам өндірісіне енгізудің заманауи тәсілдерін меңгереді; Құрама және функционалды өнімдер жасаудың ғылыми-теориялық негіздерін қолдана алады; Инженерлік пәндерді оқыту әдістемесін меңгеріп, педагогикалық практика барысында білімін іске асырады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Ғылыми зерттеу жүргізуде статистикалық әдістерді және R бағдарламасын қолдана алады; Ғылыми тағылымдама мен диссертациялық жұмысты орындау арқылы технологиялық және әдістемелік білімін тереңдетеді; Зерттеу тәжірибесі барысында дербес ғылыми-зерттеу жүргізіп, нәтижелерін талдайды және ғылыми негіздейді.