Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 years
-
Берілетін дәреже / біліктілік
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі- Технолог - өндірістік зертхананың техник-технологы - Технолог-калькулятор - Цех шебері -Өндірістік зертхананың Техник-лаборанты - Ғылыми-зерттеу зертханаларында маман - Оқу орындарындағы зертханашы - Жобалау ұйымдарының маманы - Білім бөлімдеріндегі әдіскер
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі6
-
Кәсіби қызмет саласыБакалаврдың кәсіби қызметінің саласы - тамақ өнеркәсібінің салалары, технологиялық үдерістерді өңдеуді және тамақ өндірісінің өнімдерін өндірістік алуды қамтамасыз ету, жобалау-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары, сондай - ақ әртүрлі меншік түріндегі фирмалар.
-
Кәсіби қызмет нысаны- Ет комбинаттары - Шұжық цехтары - Балық консервілеу зауыттары - Тұшпара цехтары - Молокозаводы – Кондитерлік цехтар - Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары (асханалар, дәмханалар, мейрамханалар) -Тамақ өндірісінің және ветеринариялық-санитариялық бақылау зертханалары; - Ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар - Конструкторлық ұйымдар - Оқу орындары
-
Кәсіби қызмет түрлері-технологиялық процестерді жүргізуді ұйымдастыру; технологиялық операцияларды жетілдіру және ресурс үнемдейтін технологиялық процестерді игеру бойынша жұмысқа қатысу; экология, еңбекті қорғау, өрт жарылыс қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын ескере отырып, кәсіпорындардың техникалық жарақтандырылуы мен өндірістік қызметін талдау; -еңбек ұжымдарының жұмысын ұйымдастыру, басқарушылық шешімдерді қабылдау; кәсіпорындардың және маркетингтік қызметтің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау; тамақ өнімдерін стандарттау және сертификаттау бойынша жұмыстарды орындау; - тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық сұлбаларын әзірлеу және жобалау; ; -өнеркәсіп салаларында ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу және талдау; - білім беру саласындағы жұмыс.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Табиғат құбылыстары мен үдерістерінің негізгі заңдылықтарын жаратылыстану ғылымдары саласындағы білім негізінде түсіндіреді, жаратылыстану факторларының қоршаған орта мен адам өміріне әсерін талдайды, заманауи экологиялық, технологиялық аспектілерге қатысты ғылыми мәселелерді анықтайды, практикалық міндеттерді шешу үшін жаратылыстану-ғылыми таным әдістері мен қарапайым эксперименттерді қолданады, ғылыми ақпараттың шынайылығын бағалайды және бақылаулар мен деректер негізінде негізделген қорытындыларды жасайды.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Математика, жаратылыстану, инженерия және экономика салаларындағы іргелі білімді кәсіби міндеттерді анықтау, тұжырымдау және шешу үшін қолданады, кәсіби ақпаратты іздеу, өңдеу және талдау мақсатында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады, эксперименттік және өндірістік сынақтарды жоспарлайды және жүргізеді, олардың нәтижелерін бағалайды, техникалық құжаттаманы оқиды және түсіндіреді, сызбалар мен схемаларды ажыратады, олардың мазмұнын талдайды, тамақ инженериясы саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені зерттейді және салыстырады, оны кәсіби қызметте қолдану мүмкіндіктерін бағалайды.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Определяет классификацию пищевого сырья и его основные характеристики, объясняет научные основы технологических процессов в пищевой промышленности, использует полученные знания на практике при анализе и разработке технологий производства, анализировать различные методы переработки сырья, выявляя их эффективность, разрабатывает новые подходы к совершенствованию технологических процессов и инновационные способы переработки, оценивает качество продукции и сырья
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі сапа көрсеткіштері мен нормативтік база талаптарын анықтайды, жоғары сапалы және қауіпсіз өнім өндіруге ықпал ететін факторларды түсіндіреді, азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау әдістерін талдайды және бағалайды, сапа мен қауіпсіздікті бақылаудың әртүрлі әдістерінің тиімділігін айқындайды, осы салада кәсіби ұстанымды қалыптастырады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында технологиялық процесті ұйымдастыру және жүргізудің негізгі қағидаларын анықтайды, азық-түлік өндірісін оңтайландыру үшін техникалық-экономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістерін қолданады, дайын өнімнің шығуын және сапасын арттыру үшін жаңа технологиялық шешімдерді әзірлейді, шығарылатын өнімнің стандарт талаптарына сәйкестігін анықтайды және азық-түлік технологиясы саласында кәсіби ұстанымды қалыптастырады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Кәсіпорындардың басқару қызметі мен өндірістік процестерді жобалаудың негізгі қағидаларын анықтайды, өндірісті ұйымдастырудың кәсіпорынның экономикалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігіне әсерін түсіндіреді, жабдықты таңдау және тамақ өндірісінің технологиялық желілерін жобалау үшін технологиялық есептеу әдістерін қолданады, тамақ өндірісінің технологиялық желілерін жобалауға арналған нормативтік құжаттарды талдайды, өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық-экономикалық шараларды әзірлейді, шикізат ресурстарының шығынын және шикізат пен материалдарды пайдалану нормаларының сақталуын, сондай-ақ қабылдау және өнімді өткізу операцияларының дәлдігін бақылайды.