Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы | Жаңалықтар
  • logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

ЗЕРТТЕУ МЕКТЕБІНІҢ МАМАНДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЯДРОЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

2024-08-29 | Жаңалықтар

 

2024 жылғы 27-28 тамызда ЭКСПО халықаралық көрме орталығында (Астана) KazAtomExpo көрмесі өтті. Бұл шара атом энергетикасы саласын дамытуға арналды. Көрмеге Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы бойынша әлеуетті жеткізушілер – Қытай ұлттық ядролық корпорациясы, Korea Hydro & Nuclear Power Co, Électricité de France, «Росатом» мемлекеттік корпорациясы қатысты. Іс-шараға «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰК» АҚ, Ядролық физика институты РМК, «Ұлттық ядролық орталық» РМК, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, “KARLSKRONA LC AB” қатысты. Атом өнеркәсібі үшін мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарына Шәкәрім университетінен физика-химия ғылымдарының ғылыми-зерттеу мектебінің деканы А.Б. Касымов және Техникалық физика және жылу энергетикасы кафедрасының меңгерушісі Степанова О.А. қатысты

 

Бөлісу