• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Мектептегі ғылым күні

2023-04-28 | Ғылым

2023 жылдың 28 сәуірінде No10 орта мектепте «Ғылым күні» өтті. Оны жүзеге асыруға Шәкәрім университеті белсене атсалысты. Салтанатты ашылуда шараның маңыздылығы атап өтілді. Ғылым бөлімі ғылым көрмесін ұйымдастырды. «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының оқытушылары мен студенттері 9-11 сыныптарда энергетика және оның дамуына арналған сынып сағаттарын өткізді, қызықты тарихи фактілер көрсетілді, бейбіт атом, жаңартылатын энергия және қаланы жылумен қамтамасыз ету жүйелері мәселелері көрсетілді. Семей қаласын бөлек атап өтті. Сынып кітапханаларына кітаптар сыйға тартылды.

Бөлісу